Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да есепте тұрған сотталғандарға арнайы іс-шара ұйымдастырылды

СҚО-да есепте тұрған сотталғандарға арнайы іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 12 айда басқа қызметтермен өзара іс-қимыл жасай отырып, қоғамнан оқшаулаусыз қылмыстық жазалардың орындалуын қамтамасыз ету және сотталғандарға жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу, олардың мінез-құлқын түзету мақсатында әлеуметтік-құқықтық көмек алуға, қайта әлеуметтендіруге жәрдем көрсететін белгілі бір жұмыс жүргізілді.

Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен жұмыс істеуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «Номад-Кызылту» жастар қоғамдық бірлестігі арнайы іс-шараны жүргізді.

Көрсетілген іc-шараға есепте тұрған 15 сотталған қатысты. Ақжар ауданының мәдениет үйінде сотталғандарға арнайы концерт ұйымдастырылды. Психологпен тренингтік жұмыстар, имаммен сұхбат жүргізілді және аудандық мұражайға барды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру