СҚО-да есептегі сотталғандар мұқтаж жандарға қар тазалауға көмектесті
СҚО-да есептегі сотталғандар мұқтаж жандарға қар тазалауға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурыз мейрамы қарсаңында М. Жұмабаев ауданы облыстық «Наурыз көмек» челленджіне бастау жасап, жалғыз тұратын зейнеттегі және мүмкіндігі шектеулі адамдарға қар тазалауға көмек көрсетті.
Бұл науқанға еріктілермен бірігіп М.Жұмабаев ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері және есептегі сотталғандар қатысты. Бұл челлендж «жақсылық жасасаң – ол міндетті түрде қайтып оралады» ұранымен өткізілді.
Сондай-ақ, Мамлют ауданының пробация қызметкерлері есептегі еріктілермен бірге Ф. есімді зейнеткердің ауласындағы және оған іргелес жатқан аумақтағы қарларды тазалап, көмек көрсетті.
Челленджге есепке алынған төрт сотталған мен екі ерікті, Мамлют ауданының ҚАЖ, ТЖ және ӨСБ қызметкерлері қатысты.