СҚО-да есірткіге қарсы насихат жұмыстарына 600-ге жуық адам жұмылдырылды
СҚО-да есірткіге қарсы насихат жүргізу үшін 600-ге жуық полиция, әскери қызметшілер мен белсенділер бірікті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нашақорлық – алдын алуды ұйымдастыруда шешуші іс-қимылды талап ететін қоғамның маңызды мәселелерінің бірі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында синтетикалық есірткіге қарсы күрес жалпыұлттық сипатқа ие болуы тиіс екенін атап өтті.
Полиция еріктілерді, үкіметтік емес ұйымдарды ақпараттық жұмысқа тартуда. Бүгін гарнизондық жиналыста тәртіп сақшылары мен әскери қызметшілермен бірге, Петропавл қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының, «Болашақ» ҮЕҰ, «Жастар мәслихаты» және «Азаматтық альянс қауымдастығының» 100-ге жуық белсендісі қатысты.
СҚО ПД бастығының м.а Құрманғали Ысмағұлов қызметкерлер мен еріктілерді 29-31 қазан аралығында өткізілетін «Есірткісіз қала» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде ақпараттық жұмыс жүргізуге бағыттады.
– Қала учаскелік полиция пункттері бойынша секторларға бөлінген, әр пунктке ПД басшылығынан жауаптылар бекітілген. Өз Жолдауларында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев нашақорлықтың алдын алу және жалпы есірткі қылмысына қарсы күрестің сапасын арттыру үшін қоғамның күш-жігерін шоғырландыруға шақырды. Біздің ортақ үйлесімді жұмысымыздың арқасында ғана біз аймақтағы есірткінің жағдайын өзгерте аламыз, – деді Ысмағұлов.
ЖПІШ өткізу үшін мемлекеттік мекемелерде және адамдар жаппай пайда болатын жерлерде таратылатын ақпараттық материалдар дайындалды.