СҚО-да халықаралық жарысқа қатысқан арнайы мақсаттағы бөліністің қызметкерлері марапатталды
СҚО-ның бас полицейі халықаралық жарысқа қатысқан арнайы мақсаттағы бөліністің қызметкерлерін марапаттады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО бойынша полиция департаментінде Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында арнайы мақсаттағы бөліністердің арасында өткен the UAE SWAT Challenge — 2025 VI халықаралық жарысының қатысушылары марапатталды. Байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен 105 команда қатысты.
Беделді халықаралық жарысты “Арнайы мақсаттағы бөліністердің олимпиадасы” деп атайды. Аталмыш жарысқа тактикалық жаттығулар, шабуыл тапсырмалары, құтқару жұмыстары кіреді және жауынгерлерге қажет барлық практикалық дағды сыналады. СҚО ПД мәжіліс залының экранында жиналғандарға жарыстың әсерлі кадрлары көрсетілді.
Видео • YouTube
Жарысқа алғаш рет “Арлан” және “Tomiris” командалары қатысты. Олардың құрамында солтүстікқазақстандық арнайы бөліністердің қызметкерлері: полиция капитандары Татьяна Долбышева мен Батырхан Қайырбек өнер көрсетті. “Tomiris” — жылдам қимылдайтын арнайы жасақтардың әйел қызметкерлерінен құралған команда. Олар екінші орынға ие болды, бүкіл әлемге қазақстандық қыздардың нағыз батыр екенін көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Халықаралық деңгейде жоғары шеберлік көрсеткен қызметкерлерді салтанатты жиында СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов марапаттады.
— Құрметті әріптестер, сіздер әлемдік арнайы бөліністердің элитасы арасында Қазақстанның позициясын нығайта отырып, кәсібиліктеріңізді көрсеттіңіздер. Біз сіздермен мақтанамыз. Мұндай жеңістер бүкіл халықты, әсіресе жастарды жігерлендіреді, - деді ол.