Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да кәсіби визажист әйелдер колониясында мастер-класс өткізді

СҚО-да кәсіби визажист әйелдер колониясында мастер-класс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлдағы әйелдер колониясында сотталғандарды кәсіптік оқыту және табысты қайта әлеуметтендіру шеңберінде СҚО бойынша ҚАЖ департаменті макияж және шаш үлгісін жасау бойынша мастер-класс форматында оқыту курсын ұйымдастырды. Оны өткізу үшін «Vildana Beauty Studio» салонының стилисті және сұлулық студиясының басшысы Вильдана Багадат шақырылды. Көрнекі мысал үшін модель ретінде екі сотталған әйел таңдалды.

Бірнеше сағат ішінде тәжірибелі визажист және шаштараз өзінің білімі мен дағдыларымен бөлісті. Мастер-класс барысында әйелдерге олардың даралығын атап өту және тұлғаның бет-әлпетінің ерекшеліктерін көрсету үшін макияжды қалай дұрыс таңдау керектігін үйретті. Бетке арналған жақпа майларды дұрыс қолдануға, контурлауға және көзді ерекшелеуге ерекше назар аударылды. Сотталғандарға бюджеттік, бірақ сонымен бірге сапалы косметикалық өнімдердің ассортименті ұсынылды.

Макияждан басқа, әйелдер шашты сәндеудің және шаш үлгісін жасаудың әртүрлі тәсілдерін үйренді. Мастер-класс қатысушылары қажетті нәтижеге жету үшін шашқа қалай дұрыс күтім жасау керектігін және құралдар мен сәндеу өнімдерін қолдануды үйренді. Іс-шараға қатыса отырып, сотталғандар өзгеруге және өздерін ерекше сезінуге мүмкіндік алды.

Бірақ мастер-класстың мақсаты – сыртқы келбетті өзгерту ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың өз-өзін дұрыс бағалауы мен сенімділігін арттыру. Олардың тіпті темір тордың артында болса да, әдемі болып көрінуі және әйелдік күшін көрсетуі мүмкін екенін, олар үшін болашаққа деген үмітті сақтауға көмектесетін нағыз жетістік болды.

– Бұл мастер-класс өткен қателіктерімізге қарамастан шынымен де бізді қолдауға дайын адамдар бар екенін көрсетті. Бүгінгі сұлулық сабағы біздің өмір жолымызды түзетуге ғана емес, болашақта жұмыс табуға, сенімділікті арттыруға және қоғамның толыққанды мүшесі болуға сөзсіз көмектеседі, – деп бөлісті қатысушылардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру