Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да кәсіпорын аумағынан сейфтің ұрлығы ашылды

СҚО-да поселкелік полиция бөлімінің қызметкерлері кәсіпорын аумағынан сейфтің ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуірдің 5-і күні СҚО Қызылжар ауданындағы Соколовка поселкелік полиция пунктінің кезекші бөліміне кәсіпкер жүгініп, гаражынан металл сейфінің ұрланғанын айтқан. Оның айтуынша, сейфті қосалқы бөлшектерді сақтау үшін пайдаланған. Келтірілген шығын 30 мың теңгені құрады. Өтініш бойынша ППБ бастығы Эльдар Аллахверанов және Лесная ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Сағидолла Етекбаев жұмыс жүргізді. Оқиға орны қаралып, жергілікті тұрғындардан жауап алынды. Нәтижесінде кәсіпорын механизаторы, 47 жастағы жергілікті тұрғынның қатыстылығы анықталды. Ұсталған күдікті демалыс күні тракторын жөндеуге келгенін айтып түсіндірген. Оның сөзінше, жергілікті тұрғындардың біріне сату үшін тросқа байлап, сүйреп алып кеткен. Аталған факті ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған зат қайтарылды.

– Тергеуді ойдағыдай жүргізуге қызметкерлер мен жергілікті тұрғындардың арасындағы қалыптасқан байланыс мол септігін тигізіп жатады, – дейді Қызылжар ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы Пётр Климов. – Учаскелік полиция инспекторлары адамдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды сәтті алдын алу мен ашу жергілікті тұрғындардың тарапынан білдірілген сеніммен байланысты болады. Жыл басынан ауданда бөтеннің мүлкін ұрлаудың 24 фактісі тіркелді, оның 22-сі бойынша күдіктілер анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру