Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында есірткі заттарын өткізбек болған тұрғын анықталды

Қызылорда облысында есірткі заттарын өткізбек болған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 наурыз күні Қызылорда облысы ПД-ң Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінің 49 жастағы тұрғыны есірткі затын сату кезінде құрықталып, заттай дәледемелермен бекітілген.

Тағайындалған сараптаманың қорытындысына сәйкес ерекше иісі бар өсімдік тәріздес заттар жалпы салмағы 2,27 гр. “кептірілген марихуана” болып шықты.

Сонымен қатар, күдіктінің тұрғылықты жеріне тінту тергеу әрекетін жүргізу барсында үйінен газет қиындысына оралған үш дана есірткі заттары алынды.

Күдіктіге ҚПБ-ның УҰИ-на қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру