Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да малдарға арналған айып тұрақтары жұмыс істей бастады

15 тамыздан СҚО-да ауыл шаруашылық жануарларын бағудың ережелері өз күшіне енді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер бұл ережелердің мал ұрлығы профилактикасында маңызды қадам деп отыр. Тұңғыш рет заңды түрде «қаңғыбас мал» түсінігі енгізілді, бос жүрген малы үшін иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Енді малды бақылаусыз жайылымға шығару әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. Бұдан былай жануарларды ұйымдастырылған түрде ғана бағу қажет. Мал иелерінің жануарларын өздеріне де бағуға болады немесе басқа біреуге сеніп баққызуға да болады, бұл жағдайда үш жақты шарт жасасу міндетті. Бұл бақташының мал иесі алдындағы міндеттемесіне кепіл бола алады.

Жаңа принциптерді енгізуде Мамлют ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері белсенді жұмыс атқарып келеді. Мұнда жергілікті атқарушы органдардың қаражатына кәсіпкерлердің қолдауымен 11 арнайы орын жасалды, бұл жерлер қаңғырып жүрген малдардың «айып тұрағы» ретінде болады. 23 тамыз күні полицейлерге Меңкесер көлі маңында жайылып жүрген 12 бас жылқыны осындай орындардың біріне қамауға тура келді. Мамлют ауданы ПБ бастығы полиция Серік Әлжановтың айтуынша, бақташысы болмаған, оның үстіне, жылқыларға таңба да салынбаған, бұл олардың иелерін іздестіруде қиындық туғызды.

– Жануарлар ұрланған не жоғалған жағдайда иелік құқығын дәлелдеу қиынға соғушы еді, – дейді ол. Кешке жақын жануарлардың үш иесі – Меңкесер ауылының тұрғындары анықталды.

Иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жазаға тартылған соң, жылқылары қайтарылды.

– Еркін жайылым мал ұрыларының ойларын іске асыруға жағдай жасайды, бос жүрген жануарлар автомобилистерге де қауіп төндіреді, жайылымнан алыстап кетуі аудандық полиция бөліністерінің күштерін барынша жұмылдыруға мәжбүрлейді. Бұндай құбылысты тоқтатқан жөн, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров. – Бақташылармен және жергілікті әкімдіктермен үш жақты шарт жасасып, шаруашылықтарының басым бөлігі ұйымдастырылған түрде мал бағуға көшкен СҚО аудандарында мал ұрлығының саны күрт азайды. Сондай-ақ, тәртіп міндетті таңбалау мен биркалауды талап етеді, ереже қабылданғанға дейін ұсынымдық сипатта болатын. Кейбір шектеулер де енгізілген, мәселен, ауру малды жайылымға жіберуге тыйым салынады. Сондай-ақ, мал айдау, малды суару, мал жаюдың басқа да жақтары реттелген. Облыста қаңғыбас малдардың иелерін анықтағанға дейін уақытша қамайтын, жергілікті атқарушы орган есебінен ұсталатын, 54 орын әзірленді.


СҚО-да ережелер енгізілгеннен бері арнайы тұрақтарға 88 бас мал қамалған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру