Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да облыстық ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті

Консультативтік-кеңесші орган мүшелері СҚО полицейлеріне қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қоғам өкілдерін белсенді тартуға кеңес берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-да карантиндік іс-шаралар енгізілгелі алғаш рет облыстық Полиция департаменті жанындағы Консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті. Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов күн тәртібін атап өтті: учаскелік полиция инспекторларының халықпен өзара іс-қимыл жасауы, мал ұрлығымен күрес, ішкі істер органдарының арнаулы мекемелеріндегі адамдардың құқықтарын сақтау.
СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов халықпен өзара іс-қимыл жасау негізінде есеп беру жатқанын атап өтті. Жыл басынан 675 есеп беру кездесуі өткізілген, онда 539 ұсыныс пен ескерту айтылып, әрқайсы бойынша тиісті шаралар қабылданған. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мәселесі қызу талқыланды. Жыл басынан СҚО-да 43 факті тіркелген. СҚО бойынша Әйелдер күші альянсінің төрайымы Бақытжан Сәмиева жергілікті полиция қызметі басшысына учаскелік полиция инспекторларын проблемалық отбасыларға көбірек көңіл-бөлуге бағдарлау жөнінде өтініш білдірді.

– Полиция қызметкерлері өздерінің міндеттерін жоғары кәсібилікпен атқарады, – деді ол. Өкінішке орай, әйелдер көп жағдайда көмекке жүгіне бермейді – түсіндіру жұмысын белсенді жүргізіп, әрбір жағдайды принципиалды қарастыру қажет.


Бейнебайланыс арқылы сөз сөйлеген «Әйелдерді қолдау орталығының» төрайымы Алина Орлова СҚО-да полиция әйелдердің Дағдарыс орталығына жүгінуіне белсенді көмек көрсететінін атап өтті, мұнда әйелдер балаларымен жарты жылға дейін бола алады, оларға материалдық және құқықтық көмек көрсетіледі.

Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов ККО мүшелеріне мал ұрлығының төмендегенін жеткізді: өткен жылғы ұқсас кезеңде 61 болса, жыл басынан 25 тіркелген. «Мал иесі-бақташы-әкімдік» арасында үш жақты шарт жасасудың қажеттілігі туралы жүргізілген түсіндіру жұмысы нәтижесін көрсетті. Ұрлық малдардың басым бөлігі ұйымдастырылып бағылатын аудандарда төмендеген. Тамыз айының ортасынан СҚО-да қараусыз жүрген мал иелерін жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретін мал бағу қағидалары күшіне енді. Бұл шара мал ұрлығының жасалуына ықпал ететін еркін жайылым мәселесіне нүкте қоюы тиіс.

СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Оспанов қоғамнан уақытша оқшауланған азаматтардың құқықтарын сақтауға қатысты қолданылатын шараларға тоқталды. ККО мүшелері облыс бойынша 12 уақытша қамауда ұстау изоляторларында ұсталғандарға тиісті жағдайлар жасалғанын атап өтті: бір адамға 2,5 және одан астам шаршы м. санитарлық аумақ, жеке жатын орын, гигиена құралдары қамтамасыз етілген. Петропавл қаласының тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларды қабылдап-тарату орнының проблемасы – аумақтың аздығы. ККО мүшелері қабылдап-тарату орнын кеңейтуге қаражат бөлу мәселесіне бастамашылық етуді ұсынды.

Отырысты аяқтай келе, ККО мүшелері азаматтық қоғам институттарын тарту, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе үш жақты шарттың жасалуын қамтамасыз ету, арнаулы мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту жұмысын жалғастыру сияқты бірқатар ұсыныстарға дауыс берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру