Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ПД вокалдық тобы алғаш рет онлайн форматта өнер көрсетті

Солтүстік Қазақстан облысында ПД вокалдық тобы алғаш рет онлайн форматында өнер көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлеріне карантин жағдайында 7 және 9 мамырдағы мерекелік іс-шараларды жаңа тәсілмен өткізуге тура келді. Жеңіс күніне орай мерекелік концертті СҚО ПД мәдени орталығының вокалдық тобы 8 мамыр күні Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінің тікелей эфирінде өткізді.

Өткізбес бұрын департаменттің аккаунттарында және танымал пабликтерде түрлі-түсті жарнамалар таратылды. Залда концерттің сәтті өтуіне алаңдаған жалғыз көрермен СҚО ПД басшысы Марат Төлебаев отырды. Вокалдық топтың мүшелері онлайн режимде алғаш рет өнер көрсетті.

“Бұл ерекше болды. Көрермендердің эмоционалдық реакциясы әртіс үшін өте маңызды. Бірақ бар жүктелген жауапкершілік, дұрыс көңіл-күйді сезінуге септігін тигізді: қиындықтарға қарамастан, біз ең маңызды және барша асыға күтетін мерекелеріміздің ұлылығын адамдарға жеткізе білуіміз қажет деп мақсат қойдық. Мүмкін, полицейлердің міндетті бәрінен де жоғары қоюынан болар”, – дейді орталық басшысы Әсет Молдабаев.

Онлайн-концерттің алдында СҚО ПД-нің үрмелі оркестрі ашық аспан астында өнер көрсетті. Бұл бүкіл шығармашылық ұжымға ерекше көңіл-күй берді. Департаменттің акт залында өткен концерт ерекше дайындалды. Полицейлер әскери гимнастёркалар киіп, майдандағы атмосфераны жасай отыра, концертті бірыңғай композицияда өткізді. Айтылған өлеңдер жарықдиодты экранда көрсетілген әскери фильмдермен әсерлене түсті.


СҚО ПД вокалдық тобының дайындықтары мен қойылымдарында топ мүшелері бәрі бірдей, олар қызмет барысында ғана араласатын араласса, ал сахнада бір-бірін жақсы түсінісіп, достық қарым-қатынаста жұмыстарын жасайды. Бүгін ішкі істер органдарының ардагері отставкадағы полиция майоры Сағат Нұрмолдин мен жас қызметкер Дана Жұмекенова ерекше көзге түсті. Роза Рымбаеваның репертуарындағы әйгілі “Әлия” әнін жеке орындап, композитор Евгений Мартыновтың “Әкеден келген хат” әндерін жүрекке жеткізді, олар көзге жас ұялататын және танымал “На безымянной высоте” және “Журавли” өлеңдерін аса тебіреніспен айтып шықты. Көрермендер үшін “Туған жер”, сонымен қатар “Ел айырылғанд күйі, “Десятый наш десантный батальон”, “Ехал я из Берлина” және басқа әндер, композициялар, попурри шырқалды.

СҚО ПД-нің үрмелі оркестрінің сүйемелдеуімен бәрі бірге орындаған “День Победы” әні – концерттің нағыз шарықтау шегі болды.


Тек, Instagram арқылы берілген концертті бір камералық залдың көрермендері тамашалағандай болды. Алайда, көрсетілген қошаметтің орнына олардың жазған жақсы пікірлері мен лүпілдері стадиондағы көрермендерге жеткендей.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру