СҚО-да полицей мен рентгенолог ауруханадағы тұтанған өртті ауыздықтады
СҚО-да полицей мен рентгенолог аудандық аурухананың балалар бөлімшесіндегі тұтанған өртті ауыздықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ғ. Мүсірепов ат. ауданның орталық ауруханасынан түскен шақыртуға келген полиция капитаны Қанат Мерғалимовты үрейлі жағдай тосып тұрды. Сәуірдің 28-і күні аурухана бөлімшесіне жарақатымен қыз бала түскен. Мұндай жағдайда ювеналдық полиция қызметкерлері зорлық-зомбылық фактілерінің болу ықтималдылығын анықтау үшін материалдар жинайды. Шамамен сағат 23:10-да қабылдау бөліміне үрейленген медбибі жүгіріп кіріп, балалар бөлімшесінде өрт болып жатқандығын айтқан. Қанат жоғары қарай жүгірді, оның соңынан түскен қызды тексеруге шақыртылған рентгенолог Андрей Сидоренко да жүгіре жөнелді. Балалар бөлімшесінің іші процедуралық кабинет жақтан келген қою түтінге толы болды. Медицина қызметкерлерінен тек екі медбике ғана болды, олар емделушілер арасындағы үрейді әлі баса алмаған. Дәрігер көшіруге кірісті, ал полицей өрт сөндіргішке қарай ұмтылды. Өрттің дәрігерлер бөлмесіндегі жарықтандыру құрылғасының тұйықталуынан шыққанын әрең байқады. Ыстықтан төбедегі пластик еріп, кушетка мен линолеумға тамшылап тұрған. Ашық жалын түтінмен ұласты. Мерғалимов және келіп жеткен Сидоренко екеуі өртті ауыздықтап, қуат көзінен ажыратып, терезелерді ашты.
– Балалар бөлімшесінде 17 бала және балаларымен ем қабылдап жатқан төрт ана болды, – дейді Қанат. Бастысы оларды тыныштандыру болды, үрей өрттің өзінен де қауіпті екені белгілі ғой. Өрт сөндірушілер және олардың соңынан аудандық полиция бөлінісі қызметкерлері, шақыртудан 7-8 минуттан соң келіп жетті. Абырой болғанда, біз өртті ауыздықтап үлгердік. Дәрігер Сидоренко төзімділік пен салқынқандылық танытып, қызметкерлерді де, емделушілерді де көрші бөлімшеге көшірді.
– Полицей Мерғалимов – 18 жылдық өтілі бар тәжірибелі қызметкер. Қызметін патрульдік полицияда бастаған Мерғалимовтың бұндай жағдайларға тап болуы алғаш емес: кәсіпорындардың бірінде орын алған өртті сөндіруге және жол үстінде жанып жатқан көлікті құтқаруға қатысқан. Соңғы жағдай да тәжірибесінің сауатты қадам жасауға септігін тигізгені сөзсіз, – дейді Марат Әлжанов. Сондай-ақ, жауапкершілігі де. Айта кететіні, екінші баласының дүниеге келуін тағатсыздана күтіп жүрген үлгілі әке балалардың дін аман екендеріне, олардың қауіпсіздіктеріне көз жеткізбей ауруханадан кете алмады.