СҚО-да полицейлер 700-ден астам құқық бұзушылықты анықтады
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері «Таза Қазақстан» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 700-ден астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өңір полицейлері шілденің 24-і мен тамыздың 30-ы аралығында «Таза Қазақстан» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеуде. Іс-шараның мақсаты – экологияны жақсарту, адамдарға табиғатқа ұқыптылықпен қарауды түсіндіру. Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті полиция қызметінің түрлі бөліністерімен, табиғатты қорғау прокуратурасымен, экология департаментімен, жануарлар әлемінің аумақтық инспекциясымен және табиғи ресурстар басқармасымен бірлесіп өткізілуде. Осындай рейдтердің бірінде Есіл өзенінің жағасына қоқыс төккен 1976 жылы туған ер адам жауапкершілікке тартылды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша хаттама толтырылды.
Басты назарда – өзен-көлдердің жағасы, ормандар, жағажайлар мен саябақтар. Жиі анықталатын бұзушылықтардың бірі – алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу фактілері. Бұл үшін 120 солтүстікқазақстандық жазаланды. Сондай-ақ, ортақ су пайдалану қағидаларын бұзудың 33 фактісі анықталды. Негізінен бұлар – рұқсат етілмеген орындарда масаң күйде суға шомылу.
– Карантинге байланысты жағажайлар мен саябақтарда демалысқа шектеу қойылған, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі құрамындағы Табиғатты қорғау полициясы тобының бастығы Асхат Қожабаев. – Табиғатта аясында демалуға рұқсат. Алайда бұл ретте заңнаманы бұзбаған абзал. Рұқсат етілмеген орындарда суға шомылмау керек. Жағалауларды ластап, от жақпау қажет.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында тәртіп сақшылары барлығы 700-ден астам материал жинады. Экология саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда.