СҚО-да полицейлер ауыл тұрғынынан шолақ мылтық пен патрон тәркіледі
СҚО-да полицейлер ауыл тұрғынынан шолақ мылтық пен патрон тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақжар ауданының полиция бөліміне ауылдардың бірінің 44 жастағы тұрғыны заңсыз қару сақтайды деген мәлімет келіп түскен. Бастапқыда ер адам кінәсін мойындамаған. Алайда криминалдық полиция қызметкерлері учаскелік инспектормен бірлесіп ақпаратты растады.
Тінту барысында ауыл тұрғынының үйінен шамамен «ИЖ» маркалы дара ұңғылы аңшы қаруынан жасалған шолақ мылтық, 12 калибрлі гильза мен калибрі 9 мм Макаров тапаншасының төрт патроны тәркіленді. Қазіргі уақытта тәркіленген қару үлгілері сараптамаға жіберілді. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
– Барлығы жыл басынан облыста заңсыз айналымнан 75 бірлік атыс қаруы алынды. Қаруды заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік пен қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске саламыз. Адамның іс-әрекетінде өзге де қылмыс құрамы болмаса қаруды полиция ерікті түрде тапсырған жағдайда жаза тартылмайды. Айта кететін болсақ, биылғы жылы солтүстікқазақстандықтар ерікті түрде 26 қару тапсырды, — деп хабарлайды СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусин.