СҚО-да полицейлер балалар автоорындықтарының маңыздылығын еске салды
СҚО-да полицейлер балалар автоорындықтарының маңыздылығын еске салды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Балалардың жолдағы қауіпсіздігі — үлкендердің қолында. Өткен жылдың статистикасы бойынша жол апаттарында зардап шеккендердің 160-сы – кәмелет жасына толмағандар, 79-ы — яғни әрбір екіншісі – жолаушы болғанын айқын көрсетті.
СҚО-да полицейлер балалардың жол-көлік оқиғасынан алған жарақаттың қаупін азайтуға бағытталған ақпараттық рейд өткізді. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге 12 жасқа толмаған балаларды алдыңғы орындықта балаларға арналған арнайы ұстағыш құрылғысыз тасымалдауға тыйым салынатыны туралы ескертті.
Полицейлер тек Петропавлда ғана 40-тан астам жүргізушімен профилактикалық әнгімелесу өткізді. Сондай-ақ автокөлік жүргізушілеріне “Көлікте бала бар” жапсырмаларын таратты, бұл жолдағы басқа жүргізушілердің назарын арттыруға көмектеседі.
“Қоғамдық тәртіп – ортақ жауапкершілік” ұранымен аталған жұмыс, оқу орындарының жандарында және көлік қозғалысы көп орындарда “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру шеңберінде өткізілді.