СҚО-да полицейлер банк клиенттеріне интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертті
СҚО-да полицейлер банк клиенттеріне интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаменті құрамындағы криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері екінші деңгейлі банктердің клиенттерімен жеке әңгімелесу жүргізіп, байланыссыз алаяқтықтың құрбаны болмаудың жолдары туралы бүктемелер таратты. Полицейлер қала тұрғындарына алаяқтардың жиі қолданатын сценарий жайлы да мәлімет берді.
Интернет-алаяқтықты алдын алу шарасына жедел уәкілдерімен қатар банк қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері де қатысты. Олар күту залына көрнекі ақпарат орналастырып, теледидардан профилактикалық бейнероликтер көрсеткен. Десе де, интернет-алаяқтардың әккі әрекеттерінен хабардар болған адамдардың өздері де кейде алданып қалып жатады.
Статистикаға сүйенсек, жыл басынан СҚО-да интернет-алаяқтықтың 400-ден астам фактісі тіркелген. Ал Петропавлда 312 факт қарастырылған. Зардап шеккендер – 40 пен 60 жас аралығындағы адамдар. Тіркелген алаяқтықтардың ішінде ең жиі кездесетіні: «банктен қоңырау шалу» әдісі арқылы алдау және интернет арқылы сатып алу кезінде алдын-ала төлемді талап ету.