СҚО-да полицейлер денсаулығына байланысты қозғала алмайтын қартқа көмектесті
СҚО-да полицейлер денсаулығына байланысты қозғала алмайтын қартқа көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО ПД және Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері басқа да шұғыл қызметтермен бірге адамдарға көмек көрсетіп жатыр.
Халықты эвакуациялау жұмыстары алдын ала басталды. Тәртіп сақшылары аралау жүргізді, адамдарға су тасқыны болуы мүмкін аймақтан шұғыл шығу қажеттігін түсіндірді, қажет болған жағдайда заттарын тиеуге көмектесті.
Куйбышев орман шаруашылығы ауданында полицейлер үйлердің бірінде денсаулығына байланысты өздігінен қозғала алмайтын қарт әйелді тапты. Олар жедел жәрдем шақырып, дәрігерлерге зейнеткерді тасымалдауға көмектесті. Оның ұлы заттарын жинау үшін қалды.
Арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері адамдарға белсене түрде көмек көрсетті. Олардың көмегі бөгет бұзылғаннан кейін Ойқала тұрғындары үшін ерекше құнды болды.
– Кейде біз су жақындап жатқанын білмейтін тұрғындардың үйлеріне де кірдік, олардың шағын ауданына үлкен қарқынмен келе жатты, бұл кезде бір үйде қарт ерлі-зайыптылар теледидарды алаңсыз қарап отырған, оларды шығаруға көмек көрсетілді, – дейді бөлімшенің командирі Самат Жантасов.
Полиция бөлімшелерінің қызметкерлері көптеген тұрғындарды эвакуациялауға, заттар мен үй жануарларын шығаруға көмектесті.