Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда сотталғандар ғарыш әлемімен танысты

Павлодар облыстық ҚАЖД-ға қарасты №44 мекемесі әкімшілігі сотталғандардың облыстық Оқушылар сарайының обсерватория меңгерушісімен кездесуін ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Катаева Радченконың мамандығы – астроном. Ол бала кезінен ғарышты зерттеуге қызығушылық танытты.

Бұл кездесуде қызметкерлер интеллектуалды викториналар, дәрістер, қабырға газеттерінің конкурстарын ойластырып, өткізді. Әр суретші өз жұмысын ең жарқын, түрлі-түсті және мазмұнды етуге тырысты. Сотталғандар космонавтика, астрономия тарихы туралы керемет білімдерін көрсетті және көптеген жаңа дүниені білді.

– Осындай іс-шараларды өткізудің арқасында патриотизді арттыруға ықпал ете аламыз. Сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береміз. Іс-шара барысында сотталғандарға Юрий Гагариннің ғарышқа дайындығы мен ұшуы туралы деректі фильм, сондай-ақ біздің еліміздегі ғарышкерліктің даму кезеңдерін бейнелейтін тарихи фотосуреттер көрсетілді, – дейді ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру