СҚО-да полицейлер ірі көлемдегі ұрлықтың бетін ашты
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінде ірі көлемдегі гербицидті ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ЖШС иесі жасалған қылмыс туралы күмәнданбаған, алайда полицейлердің жедел ақпаратпен жұмыс істеуінің арқасында күдіктілерді анықтап, ұстау мүмкін болды.
Тамыз айының басында аудан аумағында тәртіп сақшылары облыс прокуратурасымен және 6637 әскери бөлімінің «Б» тобының қызметкерлерімен бірлесіп, 29 жастағы петропавлдық азамат басқарған Toyota Prado автокөлігін тоқтатты. Автокөліктен жалпы көлемі 200 литр болатын 40 канистр гербицид алынды.
– Қызылжар ауданындағы қоймадан тағы бір партия табылды, ал Петропавл қаласындағы жалға алынған автотіркемеден қызметкерлер ұрланған гербицидтерді құю үшін дайындалған бос канистрлерді тәркіледі. Ұрлықты жасады деген күдікпен кәсіпорынның 31 жастағы қызметкері ұсталды. Ұрланған гербицидтердің жалпы көлемі 460 литрді құрады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорнына келтірілген залал сомасы 7,6 млн теңгеге бағаланды, – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.
Ірі көлемде бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін адам 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға кесіледі. Ұрланған мүлік тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін заңды иесіне қайтарылады.