Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер отбасылық жанжалқойлардың психологпен кездесуін ұйымдастырды

СҚО-да полицейлер отбасылық жанжалқойлардың психологпен кездесуін ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2024 жылдың қаңтар айынан бастап СҚО полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі жаңа бөлімше құрылды. Профилактикалық іс-шаралар кешені шеңберінде аталмыш бөліністің қызметкерлері қала маңындағы Қызылжар ауданының полиция бөлімінде отбасылық тұрмыс саласындағы құқық бұзушылық жасағандары үшін әкімшілік қамақ түріндегі жазаларын өтеп жатқан азаматтарға ерекше кездесу ұйымдастырды. Психолог Елена Скакунова жанжалқойларға ашудың пайда болуының психологиялық механизмдері туралы айтып, оны болдырмау үшін кәсіби кеңестер берді.

Психологтың айтуынша, егер ештеңе жасалмаса, қажетті шаралар қолға алынбаса, мәселе шешілмейтінін түсіну қажет. Мәселені тапсырмаға айналдыру керек, ал тапсырма әрқашан орындалып, шешімін табады. Сондай-ақ Елена Скакунова тегін психологиялық кеңестер алуға әркім құқылы екенін және оған мемлекет кепілдік беретінін айтты.

Полиция қызметкерлері өз кезегінде ерлер де, әйелдердер де отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша полицияға жүгіне алатынын атап өтті.

Жыл басынан СҚО-да полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттердің 380 фактісін анықтады. 462 қорғау ұйғарымы шығарылды, соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқы мен тәртібіне 230 ерекше талап қойды.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты барлық фактілер бойынша дереу “102” арнасына хабарласу қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру