Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер өткен аптада 25 мас жүргізушіні анықтады

Жол қауіпсіздігін нығайту мақсатында полицейлер "Мас жүргізуші" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары бес күн бойы Солтүстік Қазақстан облысы жолдарында күшейтілген тексерістер жүргізді.

Іс-шара нәтижесінде 25 мас жүргізуші анықталды.

Мәселен, таңертең ерте Петропавлда полицейлер күдікті "Audi-80" автокөлігін тоқтатты. Көлікті тізгіндеген 22 жастағы аудан тұрғыны алкогольдік масаң күйде болған, оның үстіне басқаруға құқық беретін жүргізуші куәлігі де болмаған. Құқық бұзушы әкімшілік қамаққа алынды.

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылар "Мас жүргізуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 1390 түрлі құқық бұзушылықты анықтады, оның 165-і жылдамдық режимін бұзу болса, 54-і жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге басымдылық бермеу фактілері.

Полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді ЖҚЕ талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру