Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер қорқытып алуға қатысы бар үш күдіктіні ұстады

СҚО-да полицейлер қорқытып алуға қатысы бар үш күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 19 жастағы петропавлдыққа қатысты жасалған қорқытып алу фактісін анықтады. 20 тамызға қараған түні бейтаныс адамдар оған дене күшін қолданатындықтарын айтып қорқытып, мобильдік қосымша арқылы 30 мың теңге несие ресімдеуге және оны қолма-қол ақшаға айналдыруға мәжбүрлеген.

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 6637 әскери бөлімінің «Б» тобымен бірлесіп, қорқытып алуды жасады деген күдікпен облыс орталығының 20 мен 22 жас аралығындағы үш тұрғынын ұстады.

– Қазіргі уақытта күдіктілер күзетпен қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексі 194-бабының 2-бөлігіне (Қорқытып алу) сәйкес адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған қорқытып алушылық үшін олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жыл басынан облыста қорқытып алудың 16 фактісі тіркелді. Олардың барлығы ашылды, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру