Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар арасынан заңсыз еңбек мигранттарын анықтады

СҚО-да полицейлер тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар арасынан заңсыз еңбек мигранттарын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жедел қызметкерлері тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдардың жүретін жерлеріне жаппай тексеріс жүргізді. Жұмыс хабар-ошарсыз кеткендер мен іздеудегі қылмыскерлерді іздеу аясында өткізілді.

Рейд тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдардың жиі жүретін, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонынан басталды. Сондай-ақ вокзал маңы, ірі базарлардың айналасы, жылу құбырлары және олардың жүруі мүмкін деген басқа да орындар тексерілді.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер Петропавл қаласы полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына 80-нен астам адамды жеткізді. Олардың барлығы дактилоскопиядан өтіп, фото-бейнетіркеуге алынды. Үш үй-күйсіз азаматтың жеке басын анықтау үшін олар қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Сондай-ақ полицейлер тексеріс барысында сәйкес рұқсат құжатынсыз "Алтын арман" базарында жұмыс істеп жүрген орта азия елдерінің бірінің 5 азаматын анықтады. Олар бойынша шешім қабылдау үшін материалдар көші-қон қызметіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру