СҚО-да полицейлер ұрланған велосипедті бір сағатта иесіне қайтарды
СҚО-да полицейлер ұрланған велосипедті бір сағатта иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аудан орталығы Явленканың тұрғыны дүкен алдына Десна велосипедін қалдырып кеткен және көп ұзамай оның жоғалғанын білген. Шығын көлемі 50 мың теңгені құраған.
Жедел уәкілдер күдіктіні бір сағаттың ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен ұстады. Ол Явленкада жүрген Қызылжар ауданының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұдан бұрын ол осындай қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен. Велосипедті небәрі екі мың теңгеге сатып алған ауыл тұрғыны да анықталды.
Аталған факті ҚР Қылмыс кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Полицейлер велосипедті алып, иесіне қайтарды.
Есіл ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Бейбіт Жұмағазиннің айтуынша, Явленкода полицияның мониторларына 34 бейнекамера қосылған. Олардың бір бөлігі жергілікті бюджет есебінен, екіншісі кәсіпкерлер қаражатына орнатылған. Жалпы аудандағы 300-ден астам бейнекамераны кәсіпорындар мен жеке тұлғалар орнатқан.
– Азаматтық қоғам бейнебақылауды орнату арқылы қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға елеулі үлес қосып келеді. СҚО полиция бөлімдерінің кезекші бөліміне 1239 камера қосылған, олардың 575-і жеке тұлғаларға тиесілі. Бейнебақылау аумағының ұлғаюы – полицияның билік органдармен және азаматтық қоғаммен жасалған тығыз өзара іс-қимылдың нәтижесі. Жыл басынан СҚО-да жергілікті бюджет есебінен 37 жаңа бейнекамера орнатылды, жұмыс жалғасып жатыр. Жыл басынан облысымызда бейнебақылаудың көмегімен 318 қылмыс ашылды, – деді СҚО ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы Алексей Дементьев.