Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында зираттан қоршау ұрлаған екеу ұсталды

Ақмола облысында зираттан қоршау ұрлаған екеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бурабай ауданының криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жасалған қылмыстың бетін ашты. Осы жылдың 30 сәуірінде Бурабай ауданының полиция бөліміне Златополье ауылының 60 жастағы тұрғыны 26-29 сәуірі аралығында православие зиратынан белгісіз адамдар шойын қоршауларды ұрлағаны туралы өтінішпен жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскүнемдердің жеке басы анықталды. Олар бұрын сотталмаған Щучинск қаласының 29 және 39 жастағы тұрғындары болып шықты. Ұрланған заттарды қаскүнемдер металл қабылдау пунктіне тапсырған. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта аталған адамдардың ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру