Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Марат Ахметжанов Павлодарда халыққа есеп беру кездесуін өткізеді

Марат Ахметжанов Павлодарда халыққа есеп беру кездесуін өткізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2022 жылғы 13 мамырда сағат 09.00-де Павлодар қаласы Естай атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың халыққа есеп беру кездесуі өтеді.

Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды Call-орталықтың 8(7182)39-13-12, 39-12-94 телефондары немесе k.nurakhmetova@mvd.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша жолдауға болады.

Есеп беру кездесуі оффлайн және онлайн форматтарында өтеді. Трансляция тікелей эфирде ҚР IIM-нiң Instagram және Павлодар облысы ПД-ның Facebook ресми парақшалары арқылы жүргізіледі.

Сұрақтар 12 мамырға дейін қабылданады. Сондай-ақ, кездесу тікелей эфирде “Еrtistv” @pavlodartv.kz облыстық телеарнасында, @pavlodarnews.kz сайтында және “Халық радиосы” толқынының 100.5 жиілігінде трансляцияланатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру