СҚО-да полиция 3 күн ішінде көші-қон заңнамасының 147 бұзушылығын анықтады
СҚО-да полиция 3 күн ішінде көші-қон заңнамасының 147 бұзушылығын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәжікстаннан келген жеті әйел Петропавлдағы ҚТҚ полигонында заңсыз жұмыс істеп келген. Олардың ешқайсысы ҚР-ға келгендегі мақсаты – жұмыс істеу екендігін көрсетпеген. Бұл фактіні полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері анықтады.
14 қазаннан бастап СҚО аумағында «Заңсыз келуші» республикалық жедел алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өткізіліп жатыр. Полицейлердің тексеруінде — құрылыс нысандары мен базарлар, киім-кешек пен азық-түлік сататын орындар, теміржол және автовокзал, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және басқа да нысандар.
Жұмыс учаскелік полиция инспекторларымен, жедел қызметкерлермен, патрульдік полиция батальонының, қабылдап-таратқыш және әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізіледі. Осы рейд аясында шетелдіктердің ҚР көші-қон заңнамасын бұзудың тағы 9 фактісі анықталды.
Олардың қатарында коммерциялық нысан құрылысында Өзбекстанның екі азаматын заңсыз жұмысқа орналастыру және ҚР-да рұқсат құжаттарынсыз және уақытша тұруға рұқсатсыз жеміс сатқан Әзірбайжан азаматы бар.
– Шетелдіктерден елімізде болу ережелерін сақтауды сұраймыз. Облыста ЖПІШ алғашқы 3 күнінде шетелдіктердің көші-қон заңнамасын 147 бұзушылығы анықталды, 12 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Нұсұрбаев.