Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полиция мен "Динамо" балаларға шағын футболдан турнир ұйымдастырды

Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті мен "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының филиалы бірлесіп, жасөспірімдерге арналған "Жас қорғаушылар кубогы" атты шағын футболдан турнир өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Динамо" стадионында өткен бұл шараға 6-7 жастағы 40 бала ата-аналарымен бірге қатысып, сүйікті спорт түрінде өз шеберліктерін көрсетті.

Жас футболшылар өздерінің техникалық дайындықтарын көрсетті. Турнир барысында жоғары шеберлік, өзара құрмет және әсерлі голдар көрермендерді тәнті етті.

Жарыс нәтижесінде үшінші орынды "Отан" және "Жұлдыз" командалары бөлісті. Екінші орын "Жас сарбаз" командасына бұйырды. Ал "Жас Ұлан" командасы турнирдің чемпиондары атанды.

Турнирдің үздік қақпашысы болып Даниил Холоша танылса, үздік шабуылшы атағын Спартак Гупало иеленді.

Жеңімпаздарға медальдар мен кубоктарды құрметті спортшылар мен полиция қызметкерлері табыстады. Сонымен қатар балаларға тәтті сыйлықтар ұсынылды.

СҚО ПД бастығының орынбасары Абылғазы Ғабдуллин қатысушылар мен олардың ата-аналарына алғысын білдіріп, жас спортшылардың жоғары шеберлігін, командалық рухын атап өтті және балаларды келе жатқан Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру