СҚО-да полиция қызметкері тұрғынды өрттен құтқарды
Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкері тұрғынды өрттен құтқарды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
13 маусымға қараған түні Жамбыл ауданының Кладбинка ауылында Мир көшесі бойында орналасқан үйден өрт шықты. Түнгі 01:40 шамасында патрульдеу барысында учаскелік полиция инспекторы Азат Әнуарбек жалынды байқайды. Сол кезде көршілерден қоңыраулар келіп түсе бастады.
Оқиға орнына жедел жеткен полиция капитаны Әнуарбек үйдің төбесі мен кіреберіс есігі отқа оранғанын көрген. Учаскелік полиция инспекторы бұл үйде 53 жастағы ауыл тұрғыны тұратын жақсы білетін. Өрттің ар жағынан дауыс естілді.
Азат терезені сындырып, түтін басқан үйді тексеруге кірісті. Ол еденмен өрмелеп, түпкі бөлмеден көмекке шақырған үй иесіне жетті. Азат оны сынған терезеге қарай жеткізеді, сол жерден көршілері үй иесінің де, құтқарушының да сыртқа шығуына көмектеседі.
Келіп жеткен өрт сөндіру қызметкерлері өртті ауыздықтады. Ауыл тұрғынына медициналық көмек қажет болмады. Өз-өзіне келген үй иесі полиция қызметкеріне батыл әрекеті үшін шын жүректен алғысын білдірді.