СҚО-да полиция су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде күшейтілген түрде жұмыс істеуде
СҚО-да полиция су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде күшейтілген түрде жұмыс істеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еріген қардың суы басып жатқан облыс жолдарындағы жағдайды полиция қызметкерлері тәулік бойы бақылауда. Көктемгі су тасқынына қарамастан, 19 наурыздағы жағдай бойынша автожолдардың көпшілігінде көлік қозғалысы сақталуда. Жол қозғалысы шектелген учаскелерде полиция жасақтары кезекшілік етуде.
Полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, су деңгейін бақылайды, жүргізушілерді күрделі жағдай туралы жедел хабардар етеді және шұғыл қызметтермен тығыз өзара іс-қимыл жасайды.