Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицияның су тасқынына қарсы іс-шараларға дайындығы тексерілді

СҚО-да су тасқынына қарсы күреске жұмылдырылатын полицейлер мен техниканың дайындығы тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлдағы «Динамо» стадионында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің күштері мен құралдары су тасқынына қарсы іс-шараларға дайындығы тексерілді.

СҚО ПД бастығының орынбасары Айдос Ідірісов жеке құрам мен техниканың дайындығын тексерді. Алаңға жол талғамайтын көліктер, Youtong және ПАЗ автобустары, су басқан аудандардан адамдар тасымалдауға арналған КамАЗ көліктері қойылды. Сондай-ақ су терең аймақтарды табиғатты қорғау полициясының моторлы катері де пайдаланылуы мүмкін.

Бұдан бөлек, су тасқыны кезінде шұғыл әрекет ететін жасақ та сапқа тұрғызылды. Оның құрамына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары енді.

Су басуы мүмкін аудандарда адамдарға көмектесу үшін және олардың мүлкін сақтап қалу үшін басқа шұғыл қызметтермен бірлесіп жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысында қарғын су шыққалы бері полицейлер күшейтілген түрде жұмыс істей бастады. Тәртіп сақшылары су тасқыны кезінде тұрғындарға көмектесіп жатыр, олар заңдылық пен тәртіпті сақтауға дайын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру