Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

550 ұландық жауынгер тұрғындар эвакуациаланған ауданды күзетіп жүр

550 ұландық жауынгер тұрғындар эвакуациаланған ауданды күзетіп жүр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр. Қазіргі таңда құтқару жұмыстарына 2600 қызметкер мен 640-тан астам техника жұмылдырылған. Солардың қатарында Ұлттық ұлан сарбаздары да бар.  Олар бүгінде Ақтөбе қаласының тұрғындары эвакуациоланған аудандарында ұрлықтың алдын алу мақсатында ауданды толығымен қоршауға алып, тұрғындардың бос қалған үйлерін күзетумен айналысып жүр.

Бұл іске 6655 әскери бөлімінің 550-ге жуық жауынгері жұмылдырылып отыр.  Олар екі ауысыммен тәулік бойы өздеріне берілген ауданның қоғамдық тәртібін қамтамасыз етіп, аудан көшелерінде тонау, ұрлыққа жол бермеу үшін жауынгерлік қызметтерін күшейтілген түрде атқарып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру