СҚО-да пробация есебіндегі сотталған әлеуметтік көмек алды
СҚО-да пробация есебіндегі сотталған әлеуметтік көмек алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО бойынша ҚАЖД Есіл ауданының пробация қызметі бөлімімен есепте тұрған сотталғандарды қайта әлеуметтендіру жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
Осылайша СҚО Есіл ауданының ПҚБ-де есепте тұрған Т. есімді сотталған өмірлік қиын жағдайға тап болды, яғни жүкті бола тұра қаражатсыз қалған. Осыған байланысты Т. есімді сотталғанға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы құрылды және Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолданды. Онда оған атаулы әлеуметтік көмек алу және кепілдігі бар әлеуметтік пакет берудің шарттары түсіндірілді.
Нәтижесінде, оған 10 АЕК мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы тағайындалды, ол 30 630 теңгені құрайды.