Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да пробация есебіндегі сотталғандармен арнайы кездесу өтті

СҚО-да пробация есебіндегі сотталғандармен арнайы кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандар тарапынан құқық бұзушылықтардың және қайталап жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында, сондай-ақ ҚР-ның ның 30.12.2016 жылғы «Пробация туралы» Заңына сәйкес, Шал ақын ауданының ПҚ қызметкерлері, Шал ақын ауданының прокуратура қызметкері Талгат Салпықовпен бірлесе отырып, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен жұмыс кездесуін өткізді.

Іс-шараны өткізу кезінде сотталғандарға емдеу, оқыту және жәрдемақы алу түріндегі әлеуметтік-құқықтық көмек алу шарттары егжей-тегжейлі түсіндірілді, сондай-ақ қайталама қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу туралы профилактикалық сипаттағы әңгімелер жүргізілді.

Шал ақын ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығын шектеуге сотталғандарға ерекше назар аударылды. Оларға құқықтары, міндеттері, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілігі, сондай-ақ құқыққа қарсы мінез-құлықтың салдары қосымша түсіндірілді.

Жүргізілген іс-шаралар барысында прокуратура қызметкерлері пробация қызметінің қызметкерлеріне, басқа да мемлекеттік органдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша шағымдардың, наразылықтардың бар-жоғын анықтады. Арыз-шағымдар келіп түскен жоқ. Кездесу қорытындысы бойынша сотталғандар сұрақтарына толық жауап алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру