Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер марихуана алып жүрген ер адамды анықтады

Шымкенттік полицейлер есірткі алып жүрген ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Әл-Фараби АПБ жергілікті Полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақты қадағалау және қылмыстың алдын алу мақсатында патрульдеу кезінде күдік тудырған ер адамды байқап, тоқтатты. Оның жеке басын анықтау барысында күртешесінің қалтасынан есірткіге ұқсас хош иісі бар жасыл түсті қағазға оралған өсімдік табылып, айғақты зат ретінде алынды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабымен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс) қылмыстық іс тіркелді.

Сараптама қорытындысымен алынған өсімдік 0.71 граммға жуық “марихуана” екені анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру