Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен тұрғыны зейнеткерлерді алдап, олардың атынан несие рәсімдеген

Өскемен тұрғыны зейнеткерлерді алдап, олардың атынан несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласы Полиция басқармасы Үлбі ПБ кезекші бөліміне алаяқтықтың құрбаны болған екі  зейнеткер әйел арызбен жүгінген.

Жәбірленушілердің айтуынша, жаз кезінде қаскөй көмектесемін деп, алдап қос зейнеткердің атына шағын несие ұйымдарынан ақшалай қарыз ресімдеген. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 240 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 70 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жауап алу барысында күдікті кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру