СҚО-да пробация есебіндегі сотталғандармен профилактикалық әңгімелесу жүргізілуде
СҚО-да пробация есебіндегі сотталғандармен профилактикалық әңгімелесу жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7-13 ақпан аралығында “Профилактикалық қадағалау“ атты ПІШ өткізілген уақытта келесі іс-шаралар жүргізілді: СҚО бойынша ҚАЖД Есіл аудандық пробация қызметі бөлімінде есепте тұратын сотталғандар мекенжайлары бойынша тексерілді.
Сотталғандармен профилактикалық әнгімелер өткізілді. Оларға кезекті ретте жазаны өтеу мерзіміндегі құқық пен міндеттер түсіндірілді, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезінде немесе пробация қызметінің бақылауынан жалтарған сотталғандарды шартты соттылығын шешіп нақты бас бостандығынан сот үкімі бойынша айырылатындықтарын ескертілді.
Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторларымен бірге мекен жайлары мен жұмыс орындары бойынша қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандар тексерілді.
Бірнеше мәрте сотталғандар және қайта қылмыс жасауға бейім сотталғандарға аса көңіл бөлініп бірнеше рет тексерілді.