Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да пробация есебіндегі сотталғанның жазасы ауыстырылды

СҚО-да пробация есебіндегі сотталғанның жазасы ауыстырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ғ.Мүсірепов ат. аудандық пробация қызметінде сотталған К.-ге қатысты бас бостандығын шекеу жазасы түрін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы сот отырысы өткізілді. Есепке алу кезінде сотталған К. қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы алдын алу мінезде әңгімелесу өткізілді, соған қоса, бас бостандығын шектеу жаза түрін өтеудің тәртібі мен шарттары түсіндірілді.

Сондай-ақ, сотталған К. пробация қызметіне келу кестесімен қол қоюмен таныстырылды. Алайда ол жазаны өтеу тәртібін біле отырып, Ғ. Мүсірепов ат. аудандық пробация қызметіне тіркелуге және жазбаша шақыру хабарлаулары бойынша келмеген, сотпен тағайындалған міндеттерді бұзған және әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бірнеше рет ескертуден, сондай-ақ профилактикалық әңгімелерден кейін сотталған өзі үшін тиісті қорытынды жасамады. Аталған бұзушылықтар зиянды және жүйелі болып есептеледі, сондықтан пробация қызметі сотқа бас бостандығын шектеу жаза түріндегі өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы материалын жолдады.

ҚР ҚК-нің 44-бабы 3-бөлігіне сәйкес бас бостандығын шектеуге сотталған тұлға жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда, жаза бас бостандығынан айыру жаза түріне сол мерзімге ауыстырлады.

Сот отырысында сотталған К. өзінің кінәсін толығымен, сонымен қатар жазаны өтеу тәртібін бұзу фактілерін мойындады. Сот іс материалдарын зерттеп, бас бостандығын шектеу жаза түріндегі өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыруға ауыстырып, пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырды.

Жыл басынан бастап пробация қызметі бөлімінің ережелерін бұзғаны үшін 65 есепте тұрған бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру