СҚО-да пробация қызметі сотталғандарға көмек көрсетуде
СҚО-да пробация қызметі сотталғандарға көмек көрсетуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО бойынша ҚАЖД Аққайың ауданының пробация қызметінің есебінде ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша А. есімді азамат тұр. Ол қылмысты мас күйінде жасаған. Бас бостандығын шектеуге үш жыл алты айға сотталған.
Сотталған алкоголизмнің ұзаққа созылған кезеңі жақсылыққа әкелмейді деген қорытынды жасап, алкоголизмді емдеу курсынан өз еркімен өтуге ниет білдірді. А. есімді сотталған СҚО бойынша ҚАЖД Аққайың ауданының пробация қызметіне Петропавл қаласының психикалық денсаулық орталығына орналастыруға көмек көрсету үшін жүгінді. Содан пробация қызметі сотталғанға қажетті құжаттарды жинауға дереу көмек көрсетті. Атап айтқанда, аудандық емханада тексеруден өтуге көмек берді.
– Мен бір ай бойы алкоголизммен емделдім. Енді ішпеймін, бұл менің өмірімдегі жаңа бет, жаңа өмірдің бастауы, – деді сотталған А.
Тұрақты негізде Аққайың ауданының пробация қызметінің бөлімшесі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың өмірін жақсарту және барлық жолдамалар бойынша жәрдем көрсету үшін барлық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды. Жыл басынан бері СҚО бойынша ҚАЖД Аққайың ауданының ПҚБ инспекторлары 10-нан астам сотталғандарға әлеуметтік көмек көрсетті.