СҚО-да пробация қызметі сотталғанға жеке куәлігін қалпына келтіруге көмектесті
СҚО-да пробация қызметі 41 жастағы сотталғанға жеке куәлігін қалпына келтіруге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО бойынша ҚАЖД Аққайың ауданының пробация қызметінің қызметкерлері 41 жастағы сотталғанға жеке куәлігін қалпына келтіруге көмектесті.
Есепке алынған сотталған Б. денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектетілді. Ресми түрде жұмысқа орналаспаған, себебі жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған. Нәтижесінде спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланып, пробация қызметінің есебіне келіп түсті.
– Құжаттарым жоқ болған соң жұмысқа ешкім алмаған, сондықтан осылай қандай да бір жолдармен өмір сүруге тура келді, – деп түсіндірді ол.
Пробация қызметі көші-қон полициясы қызметкерлерімен бірлесіп сотталған адамды құжаттандыру бойынша жұмыс жүргізді, нәтижесінде ол жеке басын куәландыратын құжат алды.
Сонымен қатар, тұрғындарды жұмыспен қамту орталығына жұмыс орындарының квотасы бойынша сотталғанды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша хабарлама жіберілді.
– Аққайың ауданының пробация қызметкерлеріне түсіністік пен көмек үшін үлкен алғысымды айтқым келеді. Енді құжаттарым бар кезде жұмысқа орналаса аламын. Көп ақша таппасам да, жалақым тұрақты болады. Енді үкім бойынша талап арызды біртіндеп өтеп, жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босата аламын, – деп атап өтті Б.