СҚО-да пробация қызметкерлері прокуратурамен кеңес өткізді
СҚО-да пробация қызметкерлері прокуратурамен кеңес өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл қорытындысы бойынша М.Жұмабаев ауданының прокуратурасы пробация қызметі бөлімімен бірлесіп өзара іс-қимыл мақсатында кеңес өткізді.
Жиын барысында түйткілді мәселелер қаралып, сот үкімі негізінде талап-арыздарды төлеу, сотталғандар тарапынан орын алған заң бұзушылықтар, материалдарды сотқа жолдау мәселелеріне басты назар аударылды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылыққа ұшыраған сотталғандарға да ерекше назар аударылды. Өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстар тыңдалды. Кеңес қорытындысы бойынша прокуратура тарапынан бірқатар тапсырмалар берілді.