СҚО-да “Пробация” жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда
СҚО-да “Пробация” жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 14-23 наурыз аралығында республикалық “Пробация” алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Бұл шараның мақсаты – бас бостандығынан айыру жазасымен байланысты емес сотталғандардың шарт пен тәртіпті бұзуын анықтау мен жолын кесу.
СҚО Қылмыстық-атқару инспекцияның толық құрамы және сотталған тұратын жердің әкімшілік полиция инспекторлары осы аталған іс-шара бойынша әрекет етеді.
Есепте тұрған сотталғандарды толық жеке зерделеу мақсатында көршілерімен де, жақын байланысатын басқа туыстарымен де әңгімелесу жұмыстары жүргізіледі.