Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да “Пробация” жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда

СҚО-да “Пробация” жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 14-23 наурыз аралығында республикалық “Пробация” алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Бұл шараның мақсаты – бас бостандығынан айыру жазасымен байланысты емес сотталғандардың шарт пен тәртіпті бұзуын анықтау мен жолын кесу.

СҚО Қылмыстық-атқару инспекцияның толық құрамы және сотталған тұратын жердің әкімшілік полиция инспекторлары осы аталған іс-шара бойынша әрекет етеді.

Есепте тұрған сотталғандарды толық жеке зерделеу мақсатында көршілерімен де, жақын байланысатын басқа туыстарымен де әңгімелесу жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру