СҚО-да қарлы боранға түскен балықшыларға полицейлер мен жергілікті тұрғын көмек көрсетті
СҚО-да қарлы боранға түскен балықшыларға полицейлер мен жергілікті тұрғын көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
44 және 24 жастағы Тайынша ауданының екі тұрғыны облыстың ірі су айдындарының бірі — Чаглы көліне балық аулауға аттанған. Түнде қарлы боран басталып, олар үйге оралуға шешім қабылдаған, бірақ олардың ВАЗ-2110 көлігі қардың астында қалып қойған. Түні бойы балықшылар қалың қардан өтіп, таңертең ерте телефон арқылы көмекке жүгінген.
Аудандық полиция бөлімінен сигнал алған кезде, бірден учаскелік инспекторлар Ерлан Ибраев пен Талғат Бейсенбаев жолға шықты. Олармен бірге көлді және оның айналасын жақсы білетін Чермошнянка ауылының 48 жастағы тұрғыны Николай Долиненко да барған. Топ әлсіреген балықшыларды тапқан. Бірлескен күш-жігермен жолды тазалап, қызметтік Нива көлігіндегі тәртіп сақшылары балықшыларды жағаға шығарды. Сол күні ауыл тұрғындарының үлкені полиция қызметкерлері мен жерлесіне СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновтың атына жолдаған хатында алғыс айтты.
– Учаскелік полиция инспекторы — ауылдық жерлерде құқықтық тәртіпті сақтаудағы басты тұлға. Қоғамдық қауіпсіздіктің түрлі мәселелерін шеше отырып, УПИ қызметінің қызметкерлері қиын жағдайларда адамдарға көмекке жиі келеді. Алғыс сөздер қызметкерлерді қолдайды және қоғамның игілігі үшін одан әрі қызмет етуге ынталандырады», — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.