СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барды
СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай СҚО бойынша ҚАЖ қызметкерлері ерліктері мен сіңірген еңбектері үшін алғыс айту мақсатында азық-түліктері мен гүлдерін алып, ардагерлердің үйіне барды. Қызметкерлер қылмыстық-атқару жүйесінің 60-тан астам ардагерін, тыл еңбеккерлерін, жесірлері мен зейнеткерлерін құттықтады.
Ардагерлердің ең үлкені – Леонид Яковлев. Ол осы жылдың қаңтарында 94 жасқа толды. Қылмыстық-атқару жүйесінің ардагері Леонид Яковлевтың өмірі оңай болған жоқ. Он үш жасында ҰОС-ға аттанды. Үлкен еңбек жолынан өтті. 1950 жылы Новосібір әскери-жаяу әскер училищесін, кейін Омбы автожол институтын бітірген. 1954 жылы ядролық қаруды сынауға қарсы оқу-жаттығуда взвод командирі болып еңбек еткен. 1966 жылдан 1972 жылға дейін ішкі әскерлер политінің орынбасары қызметін атқарды. 1972 жылдан 1984 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының еңбекпен түзеу колониясында, қазіргі «ЕС-164/3 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесінде жұмыс істеді. Жасақ бастығы лауазымынан бастап, қызметін колония бастығының кезекші көмекшісімен аяқтады. Жеке құрам арасында үлкен құрмет пен беделге ие болды.
Ардагерлер және зейнеткерлер ҚАЖ қызметкерлерін жылы қарсы алып, Отанды қалай қорғағандарын, көптен күткен жеңіске қалай жеткендерін еске алып, айтып берді.
Жастары ұлғайғанына қарамастан, ардагерлер соғыс туралы әрбір сәтті есте сақтап, бұл қиын уақытты көз жасымен еске алады.
Кездесу соңында қызметкерлер ардагерлерге еңбектегі ерліктері үшін шын жүректен алғыс айтып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қайтпас рух, жан тыныштығын және ұзақ өмір тіледі, сондай-ақ ардагерлерге естелік сыйлықтар мен азық-түлік жиынтықтарын табыс етті.