СҚО-да қолайсыз ауа райынан төрт автокөлік соқтығысты
Дүйсенбі күні таңертең Петропавл қ. шығар жолда төрт жеңіл автокөлік соғылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
25 қаңтар күні сағат 09.30-да «Жезқазған-Петропавл» автожолының 956 шақырымында облыс орталығынан Бескөл а. бет алған «Nissan Juke» автомашинасының 38 жастағы жүргізушісі 1968 жылғы қала тұрғыны тізгіндеген «Volkswagen» автокөлігіне соғылған, көлік авариялық белгісін қосып, жол шетіне тоқтауға мәжбүр болады. Бұдан кейін 1969 жылғы жүргізушінің басқаруындағы «Mercedes-Benz» автокөлігі «Nissan Juke» көлігімен соқтығысады. Кейін «Mercedes-Benz» автокөлігі 1980 жылы туған жүргізуші басқарған «Toyota Land Cruiser Prado» көлігіне соғылған.
ЖКО нәтижесінде зардап шеккендер жоқ. «Nissan Juke» және «Mercedes-Benz» автомашиналарының жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК 610-бабының 1-б. (Көлiк құралдарының бүлінуіне алып келген, көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар процестік шешім қабылдау үшін әкімшілшік сотқа жіберіледі.
Өткен жылы СҚО аумағында 238 ЖКО тіркелді, оның нәтижесінде 38 адам қаза тауып, 315-і жарақат алды. Қаңтар айының басынан жеті ЖКО тіркелді, бір адам қаза тауып, жетеуі жарақат алды.