Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері қырық градус аязда жолда тоқтап қалған жүргізушілерге көмек көрсетуде

СҚО полицейлері қырық градус аязда жолда тоқтап қалған жүргізушілерге көмек көрсетуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аязды демалыс күндері СҚО жолдарындағы жүргізушілерге полицейлердің көмегі қажет болды. Жүк көлігін 20 жыл бойы тізгіндеп келе жатқан Алматы облысының тұрғыны Сергей Нехорошев мұндай қиын жағдайға алғаш рет тап болып отыр екен. Ол жүк тиелген “DAF” көлігімен Новосібір қ. бет алған, Көкшетау-Омбы автожолының 270 шақырымында дизель отыны қатып қалады. 24 қаңтар күні таңертең “112” арнасына қоңырау шалған. Құтқарушылар ол туралы Уәлиханов ауданы полиция бөлімінің кезекші бөлімін хабардар етеді. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы және Бидайық ауылдық округі әкімдігінің жүргізушісі жол тартады. Патрульдік полиция батальонының экипажы дизель отынымен жүретін көлік үшін жабық жолды патрульдеу кезінде қақаған аязда өтіп бара жатқан жалғыз жеңіл көліктің жүргізушісі тоқтап қалған жүк көлігі туралы хабарлайды. Отынды жылытудан түк шықпайды.

– Алайда, мен барлығы жақсы болатынына сендім, ең бастысы мені қиын жағдайдан құтқарды, – деді Сергей. – Учаскелік полиция инспекторы учаскелік пунктінде шай берді, әкімдікте түнедім. Таңертең аяздың беті қайтып, отынды жылыта алдым, аккумуляторды ретке келтірдік. Қасымда полицейлер болды, қолдау көрсетіп, көлікті күзетті…

25 қаңтар күні Қызылжар ауданындағы жолдарда қызмет көрсететін патрульдік полицейлер доңғалағы бұзылған Есіл ауданының тұрғынына көмек көрсетті. Олар ер адамды Бескөл ауылына жеткізген, ер адам көлікке мойынтірек сатып алып, ТҚКС бірінде қойғызған. Ал өтіп бара жатқан Бәйтерек а. тұрғыны “ВАЗ 21070” көлігінің доңғалағын қоюға көмектескен.

– Жүргізушілер бір-біріне көмек көрсетуі тиіс, әсіресе осындай 30 градус аязда аса қажет, – деді ер адам.

– Солтүстік Қазақстанның қатал климатында бұндай жағдайлар жиі болып тұрады, – дейді СҚО ПД ППБ бастығы Ерлан Мәдиев. – Жуырда СҚО Полиция департаментінің поштасына Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның тұрғынынан алғысқа толы хат келіп түсті. Екі “Audi” автөкөлігі сынып қалған, бірінде 1 және 6 жасар балалары бар отбасы келе жатса, екіншісі алғашқысын сүйреп келе жатқан. Ата-аналары әбігерге түскен, бірақ полиция батальонының қызметкерлері шақырту түскеннен кейін жарты сағаттың ішінде оқиға орнына келіп, балаларды анасымен патрульдік машинаға отырғызып, сынған көліктің біреуін буксирге алып, жөндеуге жеткізеді. Оқиға қаңтар айының басында, қатты аязды күндері орын алған. Жүргізушілерді қысқы жолға шығар алдында жан-жақты дайындалып, техника құралының сенімді екеніне әбден көз жеткізіп, жол қызметтерінің жолдардағы жағдай туралы хабарламаларымен танысуға кеңес береміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру