Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да қылмысқа және отбасылық жанжалдарға қарсы күрес мәселелері талқыланды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов облыстық әкімдік жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыспен, нашақорлықпен, есірткі бизнесімен және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес мәселелері талқыланды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша тұрмыстағы әрбір екінші қылмыс алкогольдік мас күйде жасалған (84 қылмыстың 42-сі). Отбасындағы ересектердің екеуі де маскүнемдікке салынған жағдайлар кездеседі. Содан ауыр салдарға әкеп соғатын жанжал болады.

Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жүйелі шаралар қолданады, олар есепте тұрған тұлғаларды тексереді және тұрмыста құқық бұзушылыққа жол беретін адамдарды анықтау үшін күн сайын үй-үйді аралап, пәтерлерге барып тұрады.

Өткен жылы 2362 отбасылық жанжалқой әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 563-і әкімшілік қамауға алынды, 291-не ескерту берілді, 15-не айыппұл салынды.

Сондай-ақ Қабдұлдинов ұсыныстарын білдірді. “Отбасыға көмек көрсетудің бірыңғай орталығын” құру мүмкіндігін қарастыруды, отбасыларында жанжал шығаруды әдетке айналдырушылармен психологтардың жұмыс істеуін ұйымдастыруды және т.б.

Айдын Қабдұлдинов облыстағы криминогендік және қоғамдық-саяси жағдай тұрақты екенін атап өтті. ҚР ІІМ жариялаған Профилактика жылы шеңберінде өңірде қауіпсіздікті жақсарту бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру