Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да Республика күні қарсаңында полицейлер арасында жүгіруден жарыс өтті

СҚО-да Республика күні қарсаңында полицейлер арасында жүгіруден жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда Республика күніне арналған полиция қызметкерлері арасында жаппай жүгіруден жарыс өтті. Іс-шараны “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының облыстық филиалы СҚО полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды. Жарыс соңында қатысушылар олар үшін бұл нағыз спорттық мереке болды деп бөлісті.

Жедел уәкілдер, тергеушілер, әкімшілік полицейлер, облыстық және қалалық полиция аппараттарының қызметкерлері – кроссқа кезекшілік пен нарядта болмаған офицерлер мен сержанттар келді. Погон таққан спортшылардың алдында Қазақ КСР қазақ күресінен спорт шебері Бауыржан Құлжанов және бокстан XIX Азия ойындарының арнайы шақырылған қонағы Наталья Богданова сөз сөйледі.

Жарыс бағыты қалалық мәдениет және демалыс саябағының жолдарымен, күзгі жапырақтар мен мөлдір, таза ауаның әсем бейнесінде өтті. 30 жасқа дейінгі ер адамдар үшін 4 мың метрді, 30 жастан асқан ер адамдар үшін 2 мың метрді мүмкіндігінше жылдам жүгіру міндеті тұрды. Қыз балалар мың метр қашықтықты жүгіріп өтуі керек болды.

Нәтижесінде нәзік жандылардың арасында арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкері Лидия Логинова құрметті үшінші орынды иеленді. Екінші орынды криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Оксана Единцова, бірінші орынды полиция департаментінің қызметкері Татьяна Долбышева иеленді.

30 жастан асқан ерлер арасында үшінші орынды жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Жангелді Қоржыбаев, екінші орынды арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының инспекторы Марлен Баранбаев, бірінші орынды ПД қызметкері Данияр Қажымұратов иеленді. Ең ұзын, 4 мың метр қашықтықта жүгіруден әкімшілік полиция басқармасының инспекторы Мерей Әділжанов мәреге үшінші болып жетті. Екінші орынды Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкері Владислав Диков, бірінші орынды ПД қызметкері Нариман Тәшімов иеленді.

СҚО ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Орал Хамзиннің айтуынша, жеке құрамның дене шынықтыру және арнайы дайындығына ерекше көңіл бөлінеді. Жарыс ұлттық мереке қарсаңында өтті. Өйткені, демалыс және мереке күндерін полицейлер дәстүрлі түрде жерлестері және қала мен облыс қонақтарының тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтай отырып, қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасында өткізетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру