Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да сотталған «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіп ашты

СҚО-да сотталған «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіп ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір жыл алты айға бас бостандығын шектеуге сотталған К. есепке қойылғаннан кейін жұмысқа орналасуға мұқтаж болды. Сотталғанмен жұмыс барысында СҚО бойынша ҚАЖД Жамбыл ауданының пробация қызметі бөлімінің инспекторлары оны жүргізуші ретінде жұмысқа орналастырды. Кейін ол «Бастау Бизнес» жобасы бойынша тегін оқуға жіберілді, оны аяқтағаннан кейін К.есімді сотталған 200 АЕК мөлшерінде өтеусіз грант алды.

– Алынған грантқа мен жеңіл автокөлікті жөндеуге арналған жабдықты сатып алдым. Ғимаратты жалға аламын. Бала кезімнен көлік жөндеуге жақын болдым, бұл шеберлік маған қазір де өз пайдасын тигізіп жатыр. Адамдар бір-біріне қай маманның көлікті қалай жөндейтінін айтады, адамдар менің жұмысымды бағалайды, олар келіп, менен көмек сұрайды. Менде орнатып қойылған баға жоқ. Мен әрқашан басқалардың жағдайына қараймын. Қазір бәріне оңай емес. Көліп жөндеуден айына 80 мың теңгеден аса табыс табамын. Жұмыс маусымдық сипатқа ие. Кейде тапсырыс аз, кейде уақыт жетпей, тапсырыс көп болады. 18.00-ге дейін негізгі жұмыста жұмыс істеймін, содан кейін техникалық қызмет көрсету станциясында жұмыс істеймін. Жанұямды асырау керек. Мен балаларымның жоғары білім алып, елге пайда әкелуі үшін жақсы болашақты қамтамасыз еткім келеді, – дейді сотталған К.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру