Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да сотталғандар туыстарымен кездесті

СҚО-да сотталғандар туыстарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында №48 мекемесі мен Петропавл қаласының тергеу изоляторында сотталғандардың туыстары үшін ашық есік күні өткізілді.

Іс-шара туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарды сақтау және сотталғандарды қоғамда одан әрі әлеуметтендіру үшін ұйымдастырылды. Кездесуге өңірдің пенетенциарлық мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың 200-ден астам туысы келді.

Сотталғандар қонақтарға музыкалық нөмірлер мен мерекелік үстел дайындап, өз қолдарымен жасалған сыйлықтар табыс етті. Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандардың психоэмоционалды жағдайына оң әсер етеді, сондай-ақ өмірде белгілі бір жетістіктерге жетуге ынталандырады. Сондай-ақ іс-шараға облыстық ҚАЖ департаменті бастығының у.м.а. Берік Біләлов та қатысты. Ол сотталғандардың туыстарымен жеке кездесу өткізіп, жалпы ақпаратты, жақын арадағы жоспарларды жеткізді және қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Қазіргі уақытта №48 мекемеде 768 сотталған адам, тергеу изоляторында шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылған 19 сотталған ұсталады.

Айта кетсек, биыл ашық есік күні төрт рет өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру